Мүгедектерді жұмысқа орналастыру: жұмыс орындарын квоталау

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру: жұмыс орындарын квоталау

Мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілейді.

Жұмыс орындарының квотасы - ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының пайыздық көрсетілімінде мүгедектер жұмыс істейтін жұмыс орындарының санын қоса алғанда, жұмыс беруші жұмысқа орналастыруға міндетті еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектерді жұмысқа қабылдауға арналған жұмыс орындарының ең аз саны.

Мендіқара ауданында әкімдіктің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 45 «Мүгедектерге жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысы күшінде. Осы қаулыға сәйкес, 50-ден 100-ге дейін қызметкері бар кәсіпкерлік субъектілері үшін квота 2%, 101-ден 250 адамға дейін - 3% және 250-ден астам адам - ​​4% құрайды.