🟦Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев CNPC Қазақстанның мұнай-газ саласындағы бұрыннан келе жатқан стратегиялық серіктесі екенін атап өтті.
🟦Ол ынтымақтастық жылдарында қол жеткізілген өзара іс-қимылдың жоғары деңгейіне тоқталып, еліміздің энергетикалық секторы үшін маңызды болып табылатын ауқымды бірлескен жобаларды одан әрі ілгерілетуге мүдделілік танытты.
🟦Көмірсутектерді өндіру және өңдеу саласындағы стратегиялық бастамаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.
🟦Президент қуаттылығы 12 миллион тоннаға жететін Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғыртудың маңыздылығына тоқталды, сондай-ақ газ-химия өндірісін дамыту перспективаларын белгіледі.
🟦Агроөнеркәсіп кешеніне қосымша серпін беретін Ақтөбе облысында несепнәр өндіретін зауыт құрылысы да сөз болды.
t.me/aqorda_resmi