Бұл Қазақстан сыртқы нарықтарға 646 мың тонна қатты бидай жөнелткен 2022/23 МЖ рекордтық көрсеткіштен кейінгі екінші ең жоғары көрсеткіш,- деп нақтылады сарапшы.
Қазақстандық дурумның басты сатып алушысы – Италия. Ағымдағы маусымның 10 айында бұл бағытта шамамен 400 мың тонна жөнелтіліп те қойған (өткен маусымда осы кезеңде – шамамен 317 мың тонна).
«2025 жылдың бірінші жартыжылдығында корпорация 850 мың тоннадан астам астық сатты. Осы көлемнің 200 мың тоннадан астамы шетелдік нарықтарға жөнелтілді, бұл 2024 жылғы осыған ұқсас кезеңнің көрсеткіштерінен екі есе артық. Экспорттық жеткізілім географиясы стратегиялық маңызды бағыттарды қамтиды. Осылайша, компанияның негізгі серіктестері Қытай, Иран, Тәжікстан және Қырғызстанның мемлекеттік құрылымдары болып табылады», - деді Т. Омаров.
Майлы дақылдардың жалпы жиналымының осындай көрсеткішімен Қазақстан күнбағыс тұқымын өндіруден әлемде 6-шы орынға ие болмақ, іс жүзінде 1,8 млн тонна өнім түсімін алу болжанып отырған Түркияны қуып жетпекші.
Спикер атап өткендей, 2025/26 МЖ-да әлемдік күнбағыс өндірушілердің 4 үздік тобына дәстүрлі түрде Ресей Федерациясы (жалпы жиналым болжамы - 18 млн тонна), Украина (13,1 млн тонна), ЕО елдері (9,5 млн тонна) және Аргентина (4,3 млн тонна) кіреді.
«Біздің көптеген серіктестеріміз Қазақстанда – Петропавлда, Өскеменде, Шымкентте және басқа да қалаларда май зауыттарын салуда. Құрылтайшылары - біздің өзбек кәсіпкерлеріміз. Қазақстанда майлы лақылдарды өңдеп, дайын өнімді Өзбекстанға жөнелтетін болады», - деді сарапшы.
Оның мәліметінше, бүгінгі таңда Өзбекстанда өсімдік майының жалпы тұтынылуы шамамен 491 мың тоннаны құрайды. Осы көлемнің 251 мың тоннасы жергілікті шикізаттан, 98 мың тоннасы импорттық май тұқымынан, тағы 142 мың тоннасы дайын өнім түрінде импортталады. Республикада 509 май және тоң май кәсіпорындары бар.
Сондай-ақ, ол Орталық Азияға астық тасымалының ұлғаюына қарамастан, бұл бағыттың үлесі төмендегенін, бұл жаңа нарықтарды әртараптандыру жөніндегі сауатты мемлекеттік саясаттың арқасында мүмкін болғанын атап өтті.
«Жаңа нарықтарға шығу мүмкіндігі ішкі нарықтағы бағаның өсуіне әкелді, бұл бастапқыда көлік шығындарын жабуға арналған көлік субсидияларының мөлшерін тиімді түрде теңестірді. Осылайша, алыс қашықтыққа тиеу кезінде көлік шығындарын жабуға арналған көлік субсидияларының сомасы іс жүзінде ішкі бағалардың өсуіне алып келді», - деп есептейді «Астық Транс» өкілі.
Жаңа астық маусымының басталуы қарсаңында ауқымды іс-шара алғаш рет бір алаңда 500-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, астықты сатып алумен, сатумен және халықаралық саудамен айналысатын компаниялардың өкілдерін, агротехнологиялардың, техника мен жабдықтардың өнім берушілерін жинады. «Астық 2025» жұмысына трейдерлер, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, фермерлік шаруашылықтар және агроқұрылымдар, элеваторлар, ұн тарту зауыттары және астықты тікелей өсіретін және өңдейтін басқа да компаниялар қатысты.
Ауыл шаруашылығы өнімдері нарығының өзекті мәселелерін талқылау және байланыс орнату үшін, «Астық 2025» халықаралық конференциясына өзбекстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер – «Узёгмойсаноат» май және тоң май өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының өкілдері қатысты.
«Астық 2025» ұйымдастырушылары – «АӨК-Информ» ақпараттық-талдау агенттігі, ТМД елдеріндегі аграрлық тақырыпта көрсетілетін ақпараттық қызметтер нарығындағы көшбасшы және «EXPO TIME» компаниясы - Қазақстандағы АӨК саласындағы халықаралық көрмелердің жетекші ұйымдастырушыларының бірі.
_____________________________________________
«Jańa Dala / Green Day ‘2025» ақпараттық орталығы,
Ринат Тасбулатов, 8-701 460 91 82, e-mail: rinat_tas@mail.ru
https://www.instagram.com/jana_dala_greenday/