Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша: Меңдіқара ауданы жыл сайын жақсарып келеді

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша: Меңдіқара ауданы жыл сайын жақсарып келеді

Біздің облыстың ормандары маңызды экологиялық, климаттық, экономикалық және әлеуметтік маңызға ие.
Қостанай облысы әкімдігінің қарамағында 462,0 мың га мемлекеттік орман қоры бар, оның ішінде орманды алқап – 207,5 мың га. Оның ішінде Меңдіқара ауданының мемлекеттік орман қоры жерінің ауданы – 50 384 га, соның ішінде орманды алқап – 28 909 га.
Меңдіқара ауданының орман қоры жерлері үш орман шаруашылығы мекемесінің аумағында орналасқан, олар:
* «Боровской орман шаруашылығы мекемесі» КММ – 43 984 га, оның ішінде орманды алқап – 26 736 га;
* «Ұзынкөл орман шаруашылығы мекемесі» КММ – 4 856 га, оның ішінде орманды алқап – 766 га;
* «Усаков орман шаруашылығы мекемесі» КММ – 1 544 га, оның ішінде орманды алқап – 1 407 га.
Өңірімізде көгалдандыру жұмыстары жыл сайын жалғасуда, 2025 жылдың көктемінде «Боровской орман шаруашылығы мекемесі» КММ 124,5 га алқапқа орман дақылдарын отырғызды, оның ішінде:
* қайың – 87,1 га;
* қарағай – 37,4 га.
2025 жылдың күзіне 155,9 га (қайың) алқапқа ағаш отырғызу жоспарланған.
2025 жылға арналған жалпы отырғызу жоспары 280,4 га құрайды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.