Меңдіқара ауданының праймериз қатысушыларының көпшілік пікірісайысы өтті

Меңдіқара ауданының праймериз   қатысушыларының көпшілік пікірісайысы өтті

Бүгін үгіт насихат кезеңі аясында Меңдіқара ауданының праймериз   қатысушыларының көпшілік пікірісайысы өтті. Nur Otan аудандық партия филиалының төрағасы, Меңдіқара ауданының әкімі Н.Ж.Қатарбеков құттықтау сөзбен ашты.

Пікірталас 2 кезеңде өтті. Бірінші кезеңде әрбір үміткер өзі туралы айтып берді. Содан кейін жеребе тастау арқылы бір-біріне сұрақтар қойған екі кандидат таңдалды. Айта кету керек праймериз аясында іс-шараларды ұйымдастыру кезінде санитарлық- эпидемиологиялық нормаларды сақтауға көп көңіл бөлінді.