Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындыларын жария талқылау жүргізілді

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындыларын жария талқылау жүргізілді

2025 жылғы 20 маусымда Меңдіқара ауданының қоғамдық кеңесі, аудан ақсақалдар кеңесі мүшелерінің қатысуымен мемлекеттік мекемелерде өткізілетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулардың қорытындылары жария талқыланды.
Ішкі талдаулардың қорытындыларын жария талқылауды жүргізу жөніндегі талап Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауларды жүргізудің үлгілік қағидаларында белгіленген.
Мемлекеттік мекемелердің өкілдері ішкі талдау жүргізу барысы, қандай салалар талданғаны, қандай проблемалық сәттер мен тәуекелдер анықталғаны туралы жұртшылық өкілдерін хабардар етті.
Талдау қорытындысы бойынша материалдар аудан әкімдігінің сайтында "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу"бөлімінде орналастырылады.