Буденовка ауылындағы тұрғындармен кездесу: отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қаржылық сауаттылық
Буденовка ауылында отбасы ішіндегі зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасыдағы қаржылық сауаттылықты арттыру мәселелеріне арналған кездесу өтті.
Іс-шараға ауылдың белсенді және бейжай қарамайтын тұрғындары қатысты. Кездесуге арнайы Қостанай қаласынан шақырылған отбасылық психолог қатысып, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қатысушыларға эмоционалды ахуалды жақсартуға бағытталған психологиялық тренингтер өткізді.
Сондай-ақ, қатысушыларға отбасы бюджетін тиімді басқару және қаржылық жауапкершілік туралы кеңестер берілді.
Іс-шараның ұйымдастырушысы — «Үміт – 2050» қоғамдық қоры, Меңдіқара ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында.