Меңдіқара ауданына жумыс сапарымен облыс әкімінің орынбасары Виктор Ионенко, аудан басшысы Нұрлан Қатарбековпен келді

Меңдіқара ауданына жумыс сапарымен облыс әкімінің орынбасары Виктор Ионенко, аудан басшысы Нұрлан Қатарбековпен келді

Аудан басшысы Қатарбековпен бірге бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралады. Бұл күні Виктор  Ионенко Ұзынкөл ауданына  да барды, сондықтан  кездесу біздің аудан орталығына Каменскуральское ауылына жақын жерде өтті. Бұл жерде «ВАКХСТРОЙ» ЖШС құрылтайшысы Тигран Наджарян аталған елді  мекенге кіреберісті жөндеу жұмыстары қалай басталатыны туралы айтып берді.    Келесі нысан Первомайское ауылына кіреберіс болды. Содан кейін делегация Алтынсарин көшесіндегі құрлыс жұмыс тарының аяқтау сатысында тұрған 16  үйге барды. Оны қайта құру  барысы туралы Меңдіқара ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс  бөлімінің басшысы  Нұрлан Бажиров хабардар етті. Еске сала кетейік, екі қабатты көппәтерлі  үйде 8 үш бөлмелі және 8 екі бөлмелі пәтерлер толығымен абаттандырылған.  Нұрлан Қатарбаев   тұрғын үй кезегінде тұрғандарға, сондай –ақ жетім және көп балалы отбасыларға берілетін  атап өтті. Нысанды тапсыру осы жылдың қазан айында өтеді.

Одан әрі  Виктор Ионенкоға  М.Қарабаев  атындағы Қостанай облыстық оңалту орталығы Гагарин,  Королева,Тұрсынбай батыр және  Абай көшелеріндегі жолдарды жөндеп жатқанын көрсетті.  Соңында делегация екінші көтеру сорғы станциясына барды. Боровское және Первомайское ауылдарындағы сумен жабдықтауды қайта құру барысы туралы  «Энергия» ЖШС мердігері Юрий Лука баяндады. Ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін  «Энергия» фирмасы жаңа су құбырын іске қосуды жоспарлады, бірақ короновирустық пандемияға байланысты қазіргі жағдайда жұмыстар уақытша тоқтатылды. Бізге басқа өңірлерден келген қосалқы мердігерлерді карантинді қатайту кезінде үйлеріне жіберуге тура келді. Сонымен қатар, нысанды тапсыру мерзімін ұзартуға басқа да жағдайлар әсер етті. Түсіндірмелерді тыңдағаннан кейін Виктор Ионенко бірқатар тапсырмалар беріп, жұмысты жеделдетуді ұсынды.

Кездесуді қортындылау үшін Қостанай облысы әкімінің орынбасары аудандық маслихаттың мәжіліс залында өткен мекеме басшыларымен және мердігер ұйымдарымен жұмыс жиналысына барды.