«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры «Бәйтерек» холдингі мен ҚР Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды. Бағдарлама микро-, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға бағытталған. Несиелеудің басым бағыттары: өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймалау, туризм, білім беру, денсаулық сақтауы. Бағдарламаның негізгі шарттары: ▫️ сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 12,6%-дан аспайды; ▫️ несие сомасы – инвестициялық мақсаттар үшін 7 млрд теңгеге дейін, айналым қаражатын толықтыруға – 3,5 млрд теңгеге дейін; ▫️ қаржыландыру мерзімі: — инвестициялық мақсаттар үшін – 10 жылға дейін; — айналым қаражатын толықтыру үшін – 3 жылға дейін; — қайта қаржыландыру үшін – қаржыландырылып жатқан қарыздың қалған мерзіміне дейін (2025 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген несиелерге қатысты). «Өрлеу» бағдарламасына қатысу үшін кәсіпкерлер тікелей несие берушілерге жүгінуі қажет. Қазіргі кезеңде Freedom Bank, ЦентрКредит Банкі, Forte bank және Halyk bank-пен тиісті келісімдерге қол қойылды.