Отырыс барысында негізгі жұмыс бағыттары: ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, көктемгі дала жұмыстарын жүргізу, тұрғын үй құрылысы, жол инфрақұрылымы, абаттандыру, сумен қамту және көшелерді жарықтандыру мәселелері талқыланды.
Қорытындылай келе, атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы облысымыздың тұрақты экономикалық өсімін сақтауға, облысымыздың тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында әлеуметтік, көлік инфрақұрылымын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға бағытталғанын атап өткім келеді.