2025 жылдың III тоқсаны бойынша Алешин ауылдық округі әкімінің есебі
2025 жылдың үшінші тоқсанында Алешин ауылдық округі аумағында сумен қамтамасыз ету, абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты негізде бақылауда ұсталады.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында келесі жұмыстар атқарылды:
1. Шілде, тамыз, қыркүйек айларында қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигонына 426 тонна қоқыс шығарылды.
2. Шілде, тамыз, қыркүйек айларында заңды және жеке тұлғаларға 45 нұсқама берілді.
3. Шілде, тамыз, қыркүйек айларында әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылмаған.
4. Стела, жол белгілері мен билбордтардың жағдайы қанағаттанарлық. Барлығы 4 баннер орнатылған, оның ішінде 2 баннер жаңартылды. Ауыл шаруашылығы санағына арналған жаңа баннер орнатылды.
5. Жастар ауылында бір балалар ойын алаңы бар – іргелес аумақты тазалау жұмыстары жүргізілді. «Олжа Боровское» ЖШС жаңа ойын алаңын орнату жұмыстарын бастады. Алёшинка ауылында «Тимотин А.С.» ШҚ жаңа балалар ойын алаңын орнатты.
6. Жастар–Басагаш бағытындағы жолдың 3 шақырымына профилдеу және жол жиектерін шөптен тазалау жұмыстары жүргізілді.
7. Тұрғындар қоршауларды, қақпаларды әктеу, сырлау жұмыстарын жүргізуде. Қоғамдық құдықтарға косметикалық жөндеу (ағаш қаптаманы жөндеу, сырлау, хлорлау-дезинфекциялау) және ағаштарды кесу, бұтау жұмыстары атқарылды.
8. Тұрғындарға үй іргелес аумақтарын абаттандыру бойынша үнемі ескертулер беріледі.
9. Қоғамдық жұмыстарға 7 адам тартылған.
«Таза Қазақстан» акциясы бойынша жұмыстар жалғасуда. Тұрғындар үй іргелес аумақтарын тазалау және абаттандыру жұмыстарын белсенді жүргізуде. Сенбіліктер апта сайын ұйымдастырылып отыр.
---
Бюджет және салық түсімдері
2025 жылға арналған салықтық түсімдердің жоспары – 22 793,0 мың теңге,
III тоқсан жоспары – 27 005,5 мың теңге, нақты орындалуы – 29 194,0 мың теңге (108,1%).
Атап айтқанда:
Жеке табыс салығы – жоспар 2051,0 мың тг, орындалды 2168,7 мың тг (105,7%).
Мүлік салығы – жоспар 160,0 мың тг, орындалды 177,3 мың тг (110,8%).
Жер салығы – жоспар 4,0 мың тг, орындалды 130,0 мың тг (30250,1%).
Көлік салығы – жоспар 4428,0 мың тг, орындалды 4609,2 мың тг (104,1%).
Бірыңғай жер салығы – жоспар 11 938,0 мың тг, орындалды 11 938,0 мың тг (100%).
Жер учаскесін пайдалану төлемі – жоспар 53,0 мың тг, орындалды 406,4 мың тг (766,9%).
Жер сату түсімі – жоспар 0,0 мың тг, орындалуы 0 мың тг.
Салықтық түсімдер ауылдық округ бюджетіне уақытылы және кестеге сәйкес түсуде.
---
Әкім аппаратының қызметі
Әлёшин ауылдық округі әкімінің аппаратының 2025 жылға арналған бюджеті – 35 770,0 мың теңге.
III тоқсанда жоспар 100% игерілді.
Қаражат келесі мақсаттарға жұмсалды:
қызметкерлердің еңбекақысы, міндетті бюджетке төлемдер, коммуналдық қызметтер (көшені жарықтандыру, әкім аппаратының жарығы), жанармай, интернет және байланыс қызметтері.
Ауылдық округ әкімі аппаратында 5 мемлекеттік қызметші және 3 штаттан тыс қызметкер жұмыс істейді.
III тоқсанда 112 кіріс хат-хабар, 32 шығыс құжат тіркелді.
Жеке және заңды тұлғалардан 5 өтініш түсті, қарау мерзімдері бұзылған жоқ.
Азаматтарды екі рет жеке қабылдау өткізілді, ауызша түсіндірмелер берілді, бір тапсырма орындалды.
Ағымдағы тапсырмалар уақытылы және сапалы орындалуда.
---
Мемлекеттік қызмет көрсету саласы
Ауылдық округ әкімі аппаратында мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы бар (интернетке шығу мүмкіндігімен).
III тоқсанда барлығы 5 мемлекеттік қызмет көрсетілді, мерзім бұзушылықтар болған жоқ.
Барлығы 10 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
6 – «Сауда-саттықсыз (аукционсыз) мемлекеттік меншік жер учаскелеріне құқықтарды алу».
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылмаған.
Басшының (маманның) болмау кезеңінде электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін пайдалану фактілері анықталған жоқ.
Электрондық форматта атаулы әлеуметтік көмекке 4 өтініш қаралды.
АӘК 3 отбасына (14 адамға) тағайындалды, қалғандарына түрлі себептермен бас тартылды.
III тоқсанда «E-otinish» жүйесі арқылы 2 өтініш келіп түсті. Қарау мерзімдері бұзылмаған.
Әкім екі рет жеке қабылдау өткізіп, өтініш иелеріне түсініктемелер берді.