Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2-тарауына сәйкес, «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ 2025 жылғы мамыр мен маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланған.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
-Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарды талдау;
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына лицензиялау және аттестаттау бөлімінің қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарды талдау;
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына қаржы және құқықтық жұмыс бөлімінің қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарды талдау.