«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Басқарма) 2025 жылғы 24 сәуірден бастап 30 сәуір аралығында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша Басқарманың 2024 жылғы қызметі туралы есебі жария талқыланады деп хабарлайды.
Жария талқылау Есепті түсінік беру жолымен өткізіледі.
Есеп Басқарманың https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-memleket-saulet/documents/details/832595?lang=kk интернет-ресурсында «Құжаттар» бөлігінде орналастырылған.
Жария талқылаулардың қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру үшін пайдаланылады.
Түсініктемелер gaskkost2024@gmail.com электрондық мекенжай бойынша және «Instagram» әлеуметтік желісіндегі (mskbb_kostanay) ресми парақшасында 2025 жылғы 24.04. жарияланым астында қабылданады.
Анықтама үшін телефон: 575-115