Қазақстан Ұлттық Банкі заңды тұлғалар үшін банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу жөніндегі талаптардың өзгергені туралы хабарлайды.
ҚРҰБ Басқармасының шешімімен бүгін бекітілген Қолма-қол ақшаға айналдыруға рұқсат берілген соманың шекті мөлшерін белгілеу туралы қағидалар 2020 жылғы 1 маусымнан бастап күшіне енеді.
Қағида:
Ұлттық Банк заңды тұлғалардың банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуы үшін мына шекті соманы белгілейді:
Заңды тұлғалар екінші деңгейдегі банктерге тиісті негіздемені ұсынған кезде белгіленген лимиттен артық алуға рұқсат беріледі. Өз кезегінде, ЕДБ соманы ұлғайтуға арналған өтінімді ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен 3 жұмыс күні ішінде келіседі.