Құрметті көрсетілетін қызметті алушылар!

Құрметті көрсетілетін қызметті алушылар!

Қазіргі уақытта, ақпараттық технологиялар арқасында мемлекеттік қызметтердің көп бөлігі электрондық нысанда көрсетіледі. «Электрондық» мемлекеттік қызметтерді алу www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Электрондық үкімет - ол мемлекет және азаматтардың қарым-қатынасының, сонымен қатар мемлекеттік органдардың бір-бірімен біріңғай механизмі. Дәл осы механизм мемлекеттік органдардағы кезекті қысқартты, куәліктерді, рұқсат құжаттарды және т.б. алуды жеңілдетті және жеделдеті.
«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылауы басқармасы» ММ (бұдан әрі-Басқарма) 7 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1) «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру»;

2) «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру»;

3) «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу»;

4) «Іздестіру қызметіне лицензия беру»;

5) «Жобалау қызметіне лицензия беру»;

6) «Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру»;

7) «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау».

Аталған мемлекеттік қызметтерді Сіз «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда алуыңызға болады.
           Мемлекеттік қызметті электрондық нысанда алу үшін Сізге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ электрондық цифрлық қолтаңбаны алу, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелу қажет.

Мемлекеттік қызметті электрондық түрде алған кезде мемлекеттік органға бару қажеттілігі жоқ және кезекте тұрмайсыз.
Сіз қызметті, Сізге қолайлы уақытта веб-портал арқылы тапсырыс беруіңізге болады.

Электрондық өтінішіті алу алдыңда Сіз көрсетілетін мемлекеттік қызмет тәртібімен танысу мүмкіндігініз бар, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің мәртебесі туралы ақпарат «электрондық үкімет» веб-порталының         Сіздің «жеке кабинетіңізде» көрсетілетін болады.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі туралы мәліметтер электрондық құжат нысанында веб-портал «жеке кабинетіңізге», уәкілетті органның көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қол таңба қойылған жолданатын болады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтті көрсету тәртібі туралы толық ақпаратты 575-115 (лицензиялау және аттестаттау бөлімі) нөмірі бойынша алуға болады.

Қажетті нормативтік құқықтық актілермен Сіз Басқарманың интернет-ресурсында таныса аласыз.