«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі

«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі

«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Басқарма) 2026 жылғы                              3 сәуірден 24 сәуірге дейін басқарманың 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебін жария талқылау жүргізілетінін хабарлайды.

Есеп мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен есептілігін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру мақсатында дайындалды.

Есеппен:

Басқарманың интернет-ресурсында «Құжаттар» бөлімінде;

Instagram әлеуметтік желісінде («mskbb_kostanay» аккаунты);

тікелей Басқармада (Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 112) танысуға болады.

Қоғамдық талқылау келесі жолдармен жүзеге асырылады:

есептің түсініктемелері;

мүдделі жеке және заңды тұлғалардың тікелей қатысуы;

575-115 телефоны бойынша ұсыныстар мен ескертулерді қабылдау (лицензиялау және аттестаттау бөлімі).

Жария талқылау қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ осы саладағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру үшін пайдаланылатын болады.