Сарапшы аттестациясына құжат тапсыратын тұлғалар үшін МАҢЫЗДЫ

Сарапшы аттестациясына құжат тапсыратын тұлғалар үшін МАҢЫЗДЫ

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығы бекітілген ережелермен (бұдан әрі – Ережелер) анықталады.

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі № 367 бұйрығымен енгізілген өзгерістерге сай, мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін, қызмет алушы 1-қосымшаның 8-тармағына сәйкес келесі құжаттарды ұсынады:

  • жоғарғы кәсіби білім туралы дипломның электронды көшірмесі (егер ғылым дәрежесі мен ғылыми атағы бар болса, растаушы құжаттың электронды көшірмесі);
  • Бірыңғай зейнетақы қорының міндетті зейнетақы жарналары бойынша мәліметтері;
  • еңбек кітапшасының электронды көшірмесі.

Қызмет алушылар аттестаттау өтінімін берген кезде зейнетақы жарналары туралы мәліметтерді ұсынуы керек.