Тапсырыс беруші, құрылыс салушыларға арналған ақпарат

Тапсырыс беруші, құрылыс салушыларға арналған ақпарат

Құрылысқа қатысушылардың барлығына (тапсырыс беруші, құрылыс салушы) 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап рұқсаттарды (объектілердің жаппай қоныстануы және биіктігі 28 метрден асатын ғимараттардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындылар) алу қажеттілігі туралы хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі – ТЖМ) адамдар жаппай жиналатын объектілер мен биіктігі 28 метрден асатын ғимараттарды пайдалануға қабылдау сатысында олардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны (бұдан әрі – Cәйкестік туралы қорытындысы) беру жөніндегі ТЖМ аумақтық органдардың жаңа функциясын іске асыру шеңберінде аталған қорытындыны беру тәртібін, сондай-ақ оның нысанын айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірледі.

Қазіргі уақытта көрсетілген нормативтік құқықтық актілер мүдделі орталық мемлекеттік органдармен келісілген және оларды қабылдау сатысында.

Жаңа функцияны іске асыру мемлекеттік қызмет көрсету түрінде электрондық форматта «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы
«Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасында жүзеге асырылатын болады.

Аталған ақпараттық жүйенің мемлекеттік қызметті электрондық форматта көрсетуге техникалық дайын болуы 2026 жылғы 1 ақпаннан күтіледі.