Мемлекеттік қызметшілердің ант беруі

Мемлекеттік қызметшілердің ант беруі

      «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ 2020 жылғы 08 маусымда салтанатты іс-шара өтті, алғаш рет қабылданған және сынақ мерзімінен сәтті өткен мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің ант беру салтанатты рәсімімінде келесі қызметкерлер ант қабылдады. Олар ұйымдастырушылық-құқықтық, қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Зульхича Шафаисовна Рахметова, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу бөлімінің бас маманы Альбина Александровна Тенизбаева және мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу бойынша тапсырыс берушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы Айбол Амантайұлы Еришев. Ант қабылдаған әрбір қызметкер осы оқиғаның барлық жауапкершілігі мен маңыздылығын түсініп, Отан игілігі үшін және Қазақстан Республикасының мүддесі үшін адал және кәсіби қызмет етуге ант берді.
      Іс-шараға Басқарма ұжымы қатысты. Басшы Оксана Евгеньевна Кочкурова «Мемлекеттік қызметке алғаш кірген мемлекеттік қызметшінің ант қабылдауы – өте маңызды сәт, бұл – тәртіп. Қызметкер қоғам үшін, өз елі үшін қызмет ететінін түсінеді. Бұл анттың сөздері Мемлекет Басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша сіздің іс-қимылдарыңыздың күнделікті бағдарламасы болады» - деп атап өтті.