Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ-де 2023 жылғы 15 мамырынан бастап 14 маусымы аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп жатыр.

Басқарма қызметінің талданатын кезеңі:

2022 жылдың 2-жартыжылдығы, 2023 жылдың 1- тоқсаны.

Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

      2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.