«Бірге таза Қазақстан»

«Бірге таза Қазақстан»

2021 жылдың 5 маусымда «Бірге таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қостанай облысы бойынша экология департаменті» РММ-мен, қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен, экобелсенділермен берлесіп, экологиялық сенбілік ұйымдастырды және өткізді.

Аталған іс-шараның шеңберінде саябақтар, скверлер, аллеялар, жолдар және су айдындарының жағалау аймақтары жиналған қоқыстардан тазартылды.

Іс-шараға мемлекеттік органдар, жеке ұйымдар, тұрғындар, экобелсенділер мен волонтерлар, барлығы 8521 адам қатысып, олар  685 тонна қоқыс жинады.