«Автомобильсіз күн» акциясы

«Автомобильсіз күн» акциясы

Тәжірибешіл экологтар қауымдастығының бастамасымен Қостанай облысының аумағында 5 маусымда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай, «Автомобильсіз күн» акциясы өткізіледі.

Дәстүр бойынша, бұл күні жанармай тұтынатын автокөлік құралдарын пайдаланудан бас тарту ұсынылады.

Акцияның басты мақсаты - жұртшылыққа атмосфералық ауаның жағдайына шамадан тыс автомобилизацияның зияны туралы ескерту,  сондай-ақ жаяу және велосипедпен жүруді танымал ету.

Басқарманың қызметшілері акцияны қолдайды және облыстың барлық бей-жай қалмайтын тұрғындарын қатысуға шақырады.