Мемлекеттік сатып алу сайтында қалай тіркелуге болады?
https://wiki.goszakup.gov.kz/pages/viewpage.action?pageId=327707
Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай ұйымдастырушы қандай конкурстарды жариялайды?
«Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның қандай нормалары негізінде мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінен тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынады?
«Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның (бұдан әрі - Заң) 39-бабы 3-тармағының 54) тармақшасына сәйкес техникалық көмекші (орын толтырушы) құралдар (протездік-ортопедиялық құралдардан басқа) мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын, мүгедектерге берілетін жеке көмекші мен ымдау тілі маманы көрсететін әлеуметтік қызметтерді, мүгедектерге арналған такси көрсететін қызметтерді, мүгедектерге берілетін санаторий-курорттық жолдамаларды сатып алу бөлігінде мүгедектер саны жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде елу пайызын құрайтын мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құратын ұйымдардан тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда, мемлекеттік сатып алу бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылады.
Осылайша, тапсырыс берушілер/ұйымдастырушылар Заңның 39-бабы 3-тармағы 54) тармақшасын техникалық көмекші (орын толтырушы) құралдар (протездік-ортопедиялық құралдардан басқа) мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын, мүгедектерге берілетін жеке көмекші мен ымдау тілі маманы көрсететін әлеуметтік қызметтерді, мүгедектерге арналған такси көрсететін қызметтерді, мүгедектерге берілетін санаторий-курорттық жолдамаларды сатып алу үшін мүгедектер саны жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде елу пайызын құрайтын мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құратын ұйымдардан тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда қолдануға құқылы.
Заңның 39-бабы 3-тармағының 54) тармақшасында көрсетілмеген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден сатып алуға жол берілмейді.
Сонымен қатар, Заңның 51-бабының 2-тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде осы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ағымдағы жылы сатып алу үшін бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің жүз пайызы көлемінде Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.
Заңның 51-бабының 3-тармағына сәйкес тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесін және оларды енгізу тәртібін халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және (немесе) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын жекелеген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Баяндалғанның негізінде, мемлекеттік сатып алудың тапсырыс берушілері/ұйымдастырушылары Заңның 51-бабында көзделген тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын тиісті тізбеге енгізілген мүгедектер ұйымдары арасында ғана сатып алады.
Мемлекеттік сатып алуды тапсырыс берушілер/ұйымдастырушылар халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбеге кірмейтін мүгедек ұйымдардан Заңның 39-бабы 3-тармағының 54) тармақшасында көзделген тәртіппен тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға құқылы.
Шарттың орындалуын қамтамасыз ету бойынша банк кепілдігін (бір банктен екінші банкке) ауыстыруға бола ма?
1) тапсырыс берушінiң банктік шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiк ақшалай жарнаны;
2) Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес қағаз тасымалдағыштағы банктік кепілдікті.
Тапсырыс беруші енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді Шартта көрсетілген мерзімде немесе өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушіге қайтарады (4-қосымшаның 75-тармағы, Қағидалардың 9-қосымшасының 71-тармағы).
Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес (банктік кепілдік) банк кепілдігін ұсына отырып, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша кепілгер болып табылатынын растайды және тапсырыс берушіге шартта көрсетілген соманы төлеудің қайтарып алынбайтын міндеттемесін өзіне алады.
Сондай-ақ Қағидалардың (банктік кепілдік) 21-қосымшасына сәйкес кепілдік міндеттеме оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және Өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған сәтке дейін қолданылады.
Осылайша, кепілдік міндеттеме оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енетінін және өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған сәтке дейін әрекет ететінін ескере отырып, банк кепілдігін ауыстыруға жол берілмейді.
Егер әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген жағдайда, тапсырыс берушінің осындай өнім беруші жосықсыз өнім берушілер тізіліміне енгізілгенге дейін жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартты (-тарды) бұзуға құқығы бар ма?
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 43-бабы 19-тармағының 1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шартта Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы анықталған жағдайда оны кез келген кезеңде бұзу туралы талап қамтылуға тиіс.
Өз кезегінде, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының ( Қаржы министрінің 2016 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілге) сондай-ақ, Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы анықталған жағдайда, шартта оны кез келген кезеңде бұзу туралы талап қамтылуға тиіс.
Осы талап қорытындысы бойынша осы шарт жасалған мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты емес негіздер бойынша мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген өнім берушілерге қолданылмайды.
Осылайша, қорытындысы бойынша осы шарт жасалған мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты емес негіздер бойынша мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген өнім берушілермен жасалған шарт бұзуға жатпайды.
«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы» қандай негізгі міндеттерді, функцияларды жүзеге асырады ?
15. «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы жергілікті атқарушы органның құзыреті шегінде Қостанай облысының әкімдігі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы функциясын сондай-ақ, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру болып табылады.
16. Міндеттері:
1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету, оның ішінде Қостанай облысының әкімдігі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша сондай-ақ, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде мемлекеттік сатып алу;
2) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшалардың ұтымды және тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету.
17. Функциялары:
1) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы Қостанай облысының әкімдігі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді сондай-ақ, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
2) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге ұсынған тапсырмасын қарайды;
3) тапсырыс беруші ұсынған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) әзірлейді және бекітеді;
4) конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
5) конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамын айқындайды және бекітеді;
6) мемлекеттік сатып алу веб-порталына мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыру орналастырады;
7) конкурстық құжаттаманың және (аукциондық құжаттаманың) ережелерін түсіндіреді;
8) тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық өзіндік ерекшелігін алған, тіркеу журналына енгізілген тұлғаларды олар туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алу веб-порталына автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан сұрау салулар мен ескертулерді жібереді;
9) конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындайды;
10) заңнамада көзделген жағдайларда тиісті бюджеттің кірісіне есептеуді қамтамасыз етеді не болмаса әлеуетті өнім берушіге конкурс (аукцион) тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарады;
11) заңнамада көзделген жағдайларда әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары деп тану туралы сотқа талап-арыздар жібереді;
12) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
18. Құқықтары мен міндеттері:
1) Қостанай облысының аумағында дамудың негізгі бағыттары, мемлекеттік сатып алу саласындағы мәселелерді шешу жөніндегі ұсыныстарды облыс әкімдігі мен әкімінің қарауына енгізу;
2) «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер жөніндегі ақпаратты белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, ұйымдардың және азаматтардың келісімі бойынша сұрату және алу;
3) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу;
4) өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.
Облыстың мемлекеттік сатып алуын бірыңғай ұйымдастырушының 2021 жылғы қаңтар-сәуір айларында өткізген мемлекеттік сатып алулары:
Мониторингтен инвесторлар бойынша құжатты қоса беремін