Музей түні – 2025

Музей түні – 2025

 Жыл сайын 18 мамырда әлем елдерінің музей қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі Халықаралық музейлер күнін атап өтеді. 1992 жылдан бері мереке жыл сайын музей жұмысының ерекшеліктеріне байланысты белгілі бір тақырыппен өткізіліп келеді. 2025 жылғы музейлер күнінің тақырыбы – «Жылдам өзгеретін қауымдастықтағы музейлердің болашағы».

Қала тұрғындары мен қонақтары 16 мамыр күні сағат 19.00-ден 23.00-ге дейін «Музей түні - 2025» интерактивті акциясына белсене қатысты. Мерекелік кеште қостанайлықтарға түрлі бағдарламалар ұсынылды: қызықты көрмелер мен шеберлік сабақтары, шығармашылық викториналар, музыкалық бағдарламалар және т.б.

Түнгі музей экспозицияларының арасында: – «Көктем. Жеңіс. Естелік» – Жеңістің 80 жылдығына арналған Қостанай суретшілерінің көрмесі, «Шағын экзотариум» – экзотикалық жануарлар көрмесі, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі және «Бал дүкені» –  бал көрме-жәрмеңкесі жұмыс жасады.

Балалар мен ересектерге арналған «Қолмен ұстап көр» – интерактивті жобасы және суреттердің иллюстрациялары бар пазл-ойындары, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің мерейтойына арналған «Музейге 110 қадам» – интерактивті акциясы, «NAPOKAZ» модельдік агенттігінің дефилесі ерекше орын алды.