«Үрей» кітабының тұсаукесері

«Үрей» кітабының тұсаукесері

15 мамырда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Колан Амановтың «Үрей» кітабының салтанатты тұсаукесерін өткізді. Кітаптың авторы – белгілі қазақстандық қаржыгер, ҚР Жазушылар одағының және Журналистер одағының мүшесі. Ол – өмірінің өзі бір шығармаға арқау боларлық ғажайып жан. Таңғажайып тағдырдың, жасымайтын жігер мен қайтпас қайсарлықтың және үлкен таланттың иесі!

Кітаптың тұсаукесері Колан Амановтың қызы Жанат Бердалинаның арқасында өтті. Іс-шараға шығармашыл зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер қызметкерлері, БАҚ өкілдері, оқытушылар, студент жастар, кітапхана оқырмандары шақырылды.

Құрметті және танымал қонақтардың сөз сөйлеуі, қызының жүрекке жылы және сағынышқа толы естеліктері, бейресми әңгіме және барлығына ұсынылған «бос» микрофон тұсаукесердің ерекше өтуіне жағдай жасады, кеш шынайы сезімдер мен жүрекжарды пікірлерге толы болды.