«Жұлдызай» фестивалі

«Жұлдызай» фестивалі

Фестивальге биыл 20 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде «Жұлдызай» ерекше білім беру қажеттіліктері бар еліміздің түкпір-түкпірінен келген мыңдаған баланы біріктіріп, олардың бойындағы дарынын ашуға, өзіне деген сенімін нығайтуға және жарқын болашаққа үміт сыйлауға жағдай жасады.

Биыл байқау нәтижелері мен кәсіби қазылар алқасының шешімі бойынша ең үздік қатысушылар финалға өтіп, https://fest.juldizai.kz/ сайтында ашық халықтық дауыс беру арқылы Гран-при үшін бақ сынауда (дауыс беру үшін сайтқа кіріп, бейнероликтерді қарап шығып, үш номинантты таңдап, дауыс беру қажет).

Біздің өңірден финалға өткен қатысушылар:

«Мерей» квартеті – Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Рудный қаласының ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы» КММ

Галиев Руслан Андреевич – Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Рудный қаласының білім бөлімінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ

Жерлестерімізді қолдайық!