Облыстық қуыршақ театрында Baby-театр ашылды.

Облыстық қуыршақ театрында Baby-театр ашылды.

В областном театре кукол состоялось открытие baby-театра для самых маленьких зрителей. Это большой и значимый проект, направленный на формирование первого театрального опыта у юных зрителей, пробуждение интереса к искусству и поддержание эмоциональной связи между ребёнком и взрослым через совместное восприятие спектакля. Новый формат спектаклей специально

Облыстық қуыршақ театрында бүлдіршіндер үшін baby-театрдың ашылуы өтті. Бұл ең кішкентай көрермендердің алғашқы театр тәжірибесін қалыптастыруға, өнерге деген қызығушылығын оятуға және спектакльді бірге көру арқылы бала мен ата-ананың эмоционалдық байланысын сақтауға бағытталған ауқымды және маңызды жоба. Жаңа форматтағы спектакльдер 3 жасқа дейінгі балаларға арналып жасалды: қауіпсіз және жайлы кеңістік, тактильді элементтер және театрдың сиқырлы әлемімен танысу. Baby-театрда әдеттегідей көрермен залы мен сахна болмайды. Көрермендер жұмсақ жастықшаларда отырады, егер де әртістер мен бір-біріне кедергі жасамаса, еркін жүре алады. Кішкентай бала бір орында ұзақ отыра алмайды, сондықтан бұл тәсіл спектакль кезінде өзін жайлы сезінуге көмектеседі.  Белгілі балалар әніне негізделген мейірімді де әсерлі ертегі – «Маймақ қонжық» қойылымы baby-театрдың тұсаукесері болды. Бұл спектакль баланың өнермен және шығармашылық атмосферамен алғашқы танысуы болып табылады. Спектакль сенсорлық қабылдауды, ой – өрісті және қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған. Спектакль барысында кішкентай көрермен болып жатқан оқиғаның қатысушысы бола алады: декорацияларды ұстап, кейіпкерлермен ойнап, сүйкімді, бірақ сәл епсіз Қонжыққа саңырауқұлақ пен жаңғақ жинауға көмектеседі. Қойылымның ұзақтығы 30 минут, сюжеті түсінікті және пайдалы ойындардан тұрады, бұл көрерменнің шаршауына және қызығушылығын жоғалтуына жол бермейді. Baby-театрдың ата-аналар үшін де тәрбиелік  маңызы зор, мәдениетпен ерте байланыстың қаншалықты пайдалы екенін және өнердің күнделікті отбасылық өмірдің бір бөлігіне айналатынын көрсетеді. Жаңа театр бағыты қостанайлық көрермендерге – ең кішкентай бүлдіршіндер мен ата-аналарына ұнайды деген үміттеміз.

разработан для детей до 3 лет: безопасное и уютное пространство, тактильные элементы и бережное погружение в волшебный мир театра. В baby-театре нет привычного деления на сцену и зрительный зал. Зрители сидят на полу на мягких подушечках и могут свободно перемещаться, если при этом не мешают артистам и друг другу. Маленький ребенок не может долго сидеть на одном месте, поэтому подобный подход помогает ему чувствовать себя на спектакле комфортно. Премьерным спектаклем baby-театра стала постановка «Мишка косолапый» – добрая и трогательная история, созданная по мотивам любимой детской песенки. Этот спектакль станет первым знакомством малыша с искусством и атмосферой творчества. Он направлен на развитие воображения, сенсорного восприятия и первых коммуникативных навыков. Маленькие зрители не просто наблюдают за происходящим, они становятся его непосредственными участниками: трогают декорации, играют с героями и помогают милому, но немного неуклюжему медвежонку Мишутке собирать грибы и шишки. Спектакль длится 30 минут и представляет собой чередование понятного детям сюжета и полезных игр, что не позволяет зрителям переутомиться и потерять интерес. Открытие baby-театра также играет важную роль и в просвещении родителей, показывая, насколько важен ранний контакт с культурой и как искусство может стать частью повседневной жизни семьи. Надеемся, что новое театральное направление полюбится костанайскому зрителю – как самым маленьким, так и их родителям.