Қостанай облысында қалалық және аудандық тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлеріне арналған семинар өтті

Қостанай облысында қалалық және аудандық тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлеріне арналған семинар өтті

«IQOSTANAY» оқушылар сарайының кітапханасында өткен іс-шарада мемлекеттік тілді оқытудағы заманауи әдіс-тәсілдер мен инновациялық ресурстарды қолдану жолдары қарастырылды.

Семинарға А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Анар Мұратқызы Фазылжанова арнайы шақырылып, өзекті мәселелер бойынша мазмұнды баяндама жасады.