Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында мемлекеттік тілдің қолданылуына жүргізілген мониторинг нәтижелерін талқылау мақсатында семинар-кеңес өткізді.
Бұл жұмыс Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының 27-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңның 8-бабына сәйкес жүргізілді.
Мониторинг барысында 48 мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсы тексеріліп, 77 кемшілік анықталды. Соның ішінде:
Семинар-кеңес барысында осы кемшіліктер талқыланып, оларды жою бойынша мемлекеттік органдарға нақты ұсыныстар берілді. Мемлекеттік тілдің қолданылуын арттыру бағытында тиісті шаралар жалғасады.