Жастар сарайында Ұлттық кітап күнін мерекелеу аясында жарқын әрі шынайы шабыттандыратын шара – «Сөз құдіреті» облыстық мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Іс-шараға қатысушыларды Ұлттық кітап күнімен Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы басшысының орынбасары С.Д. Жүсіпов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, белгілі авторлар Ақылбек Шаяхмет пен Александра Суслова құттықтады.
Байқау Ыбырай Алтынсарин атындағы Республикалық балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік шығармалар байқауының негізінде ұйымдастырылып, аудандық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары – 21 жеңімпаз финалисті жинады.
Қатысушылар «Таза бұлақ» жинағына енген заманауи қазақстандық авторлардың шығармаларынан үзінділер ұсынды. Әдебиет жақын, туған әлеміне айналған балалардың орындауындағы бұл үзінділер жаңаша естілді – шынайы, жүрекпен, әртістік өнерімен ерекшеленді.
Жанды оқу атмосферасы барлығын біріктірді - кітап жазатындарды, оқытатындарды, кітап оқитындар мен кітап сүйетіндерді. Үздіктердің үздіктері лайықты сыйлықтармен марапатталды:
1 орын – Даяна Ертанова, Қарабалық ауданы
2 орын – Назым Баймурзина, Қостанай ауданы
3 орын – Даниил Комаров, Қостанай қаласы
Арнайы номинациялар:
«Мұра» – Төлеген Сезім, Жангелдин ауданы
«Әртістік» – Егинсаева Аружан, Қостанай қаласы
«Жарқын сахналық бейнесі» - Ширенина Элина, Сарыкөл ауданы
«Қазақ тіліндегі үздік шығармашылық эссе» - Нәзекеева Әнел, Меңдіқара ауданы
«Орыс тіліндегі үздік шығармашылық эссе» - Құрмантаев Данияр, Лисаков қаласы.
Іс-шарада «Жаңа кітап – жаңа әлем» және «Ұрпаққа мұра – ұлттың сөзі, кітаптың ізі» атты кітап көрмелері ерекше орын алды. Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы мен Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қорларындағы ең үздік басылымдар ұсынылды. Мұндағы әрбір кітап қазіргі Қазақстанның мәдени байлығы мен рухани мұрасының көрінісі.