2025 жылы 4 сәуірде Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК ұйымдастыруымен, Қостанай ауданы Заречный ауылында «Тобыл-Торғай – тұңғыштардың мекені» тақырыбында «Жас тұлпар» облыстық оқушылар айтысы өтті.
«Жас тұлпар» атты мектеп оқушыларының айтысы облыстық мәдениет басқармасы мен облыстық білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.
Айтыстың мақсаты - өңірімізден шыққан танымал тарихи тұлғалар мен тұңғыштарды насихаттап, ұрпақтың санасына сіңіру; болашақ ұрпаққа айтыс өнерін жеткізу, оқушылардың шығармашылық бағытын арттыру, ақындық қабілетін дамыту; өз ойын поэзия тілімен шебер жеткізе алатын оқушы ақындарды анықтау.
Жыр бәйгесіне облыстан 12 жас талапкер қатысты.
Айтысқа қазылар алқасының төрағасы – ақын, журналист, Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Құлабаев Нұрқанат Жүнісұлы; айтыскер ақын, көптеген облыстық және республикалық айтыстардың жүлдегері «Қазақ тілі» қоғамының және Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының мүшесі Ғалымгерей Кенжеғозин; айтыскер ақын, республикалық айтыстар мен тележобалардың қатысушысы, облыстық айтыстардың жүлдегері Рағатов Айбар Талапұлы қазылық етті.
Қазылар алқасының шешімімен жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
Бас жүлде – Таңжарық Ниязбек (Жангелдин ауданы),
1-орын – Нұрболат Айболұлы (Арқалық қаласы),
2-орын – Айару Берік (Бейімбет Майлин ауданы),
3-орын – Жанат Ақжол (Заречный ауылы) және Инабат Нағашыбай (Қостанай қаласы), Қ. Әбілов атындағы арнайы жүлде – Индира Көбей (Меңдіқара ауданы).
Барлық қатысушылар ақшалай сыйлықтармен, дипломдармен, статуэткакалармен марапаттады.