2025 жылғы 4 сәуірде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясында «Қазақстан – алтын бесігім!» атты жас суретшілер көрмесі ашылды.
Көрмеге 4-17 жас аралығындағы балалардың кескіндеме, сурет, мүсін және сәндік-қолданбалы өнер жанрларындағы 200-ден астам жұмысы қойылды. Ұлттық ою-өрнек пен киім үлгілері ерекше мәнге ие.
Шара өнер арқылы балалар мен ата-аналар, мұғалімдер арасындағы бірлік пен достықты нығайтуға бағытталған.
Көрме жұмысына Қостанай қаласындағы бірнеше шығармашылық студиялар мен ұйымдар атсалысты.