«Наурыз достарын шақырады»

«Наурыз достарын шақырады»

2025 жылғы 15-16 наурызда «Наурыз достарын шақырады» VІ халықаралық хореографиялық өнер фестивалі өтті.

Фестивальдің мақсаты түркі халықтарының ұлттық мәдениетін жаңғырту, сақтау, дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту.

Фестивальге Қырғызстан, Ресей, Қазақстан елдерінен және Қостанай облысынан 9 хореографиялық ұжым қатысты.

Фествальді Қостанай облысының әкімдігі, Қостанай қаласының әкімдігі, Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет және білім басқармалары ұйымдастырды.

Фестивальге Қырғызстан, Ресей, Қазақстан елдерінен және Қостанай облысының хореографиялық ұжымдары қатысты. Ашылуында қала әкімінің орынбасары Мәжит Мақсұтұлы Шуленов құттықтап, сәттілік тіледі.

Екі күнге созылған фетивальдің жабылуында облыстық Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Саят Дәулетұлы Жүсіпов пен Білім басқармасы басшысының орынбасары Данагүл Жаппасбайқызы Сүйіндікова барша қатысушыларды дипломдармен, статуэткалармен марапаттап, құттықтады.