Еске алу кеші

Еске алу кеші

Ү.ж. 30 сәуірінде І. Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында театр майталмандары, Қайыпберген және Шаһарбану Есенғұловтарды еске алу кеші өтті. Іс-шараға театрдың белсенді көрермендерімен қатар, әріптестері, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты. ҚР мәдениет қайраткері Қайыпберген Есенғұлов пен ҚР еңбек сіңірген әртісі Шаһарбану Есенғұлова театр ашылған күннен бастап қызмет істеді, 80-нен аса рольдер орындаған.

Кеште Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының маманы Роза Олжабаева, актерлер Қабділмәжит Иман, Шара Мүсілқызы, ақын Ақылбек Шаяхмет, жас актер, Есенғұловтардың шәкірті Қуаныш Маратұлы жылы естеліктер айтты. Қайыпберген аға мен Шаһарбану апай туралы жасалған телехабарлардан үзінділер көрсетілді. Облыстық филармония әншісі Манапбек Қәдір және Қыдырбек Қиысқан Қайыпберген аға мен Шаһарбану апайдың сүйікті әндерін орындады.