«Синий платочек» спектаклінің премьерасы

«Синий платочек» спектаклінің премьерасы

Ү.ж. 2 мамырда Облыстық орыс драма театрында Валентин Катаевтың пьесасы бойынша «Синий платочек» спектаклінің премьерасы өтті (жанр: әскери лирика). Спектакльдің режиссері Анна Удесиани.

Сюжет бойынша тыл еңбеккерлері майданға хаттары бар сәлемдемелер жібереді. Қыздардың бірі хаттың орнына өзінің суретін салады, ал жас пионер Валя – өз қолымен кестеленген Көк орамал. Сәлемдеме алған майдангерлер белгісіз жіберушілерге сырттай ғашық болады…

«Синий платочек» - Валентин Катаевтың 1943 жылы соғыс уақытында болып жатқан оқиғалар туралы жазған пьесасы. Бірақ бұл оқиға тек соғыс туралы ғана емес, қиын кезеңдерде бақытты болашаққа деген үмітін үзбейтін адамдар туралы. Адамдардың қарым-қатынасы басты назарда. Соғыс жүріп жатқанына қарамастан, спектакль кейіпкерлері сүйіп, сүйікті болғысы келеді. Өйткені, ең қиын уақытта да адамдар жарқын сезім мен бақытты өмірге үміттенді.

Спектакльдің көрсетілімдері 2-16 мамыр аралығында өтеді.