Қуыршақ театрында жаңа қойылым

Қуыршақ театрында жаңа қойылым

Облыстық қуыршақ театрының репертуары балаларға арналған жаңа қойылыммен: «Менің досым – жел» (мемлекеттік тілде) және «Мой друг – ветер» (орыс тілінде) спектаклімен толықтырылды. Қойылымның режиссері Юлия Семенова, пьесаны жазған – қазақстандық автор, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Надежда Насырова.

«Менің досым – жел» қойылымында басты рөлдерді Алматы қаласының Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінен келген жас актерлер Нұрбек Рамазанов пен Айбек Иманмадин сомдады.

Спектакльдің премьера алдындағы жабық көрсетілімі ағымдағы жылдың 2 мамырында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Қ.Б. Атамұратовтың, зиялы қауым, БАҚ өкілдерінің және қатысуымен өтті.

Алғашқы көрермендердің пікірлері бойынша спектакль тартымды әрі қызықты болды. Кішкентай тентек Желдің шытырман оқиғалары туралы көңілді, мейірімді, бірақ сонымен бірге тәрбиелік ертегіден балалар адал дос және жақындарына қамқор болу қаншалықты маңызды екенін біледі.

Спектакльдің премьералық көрсетілімдері 4, 5 мамырда сағат 12.00 және 14.00-де өтеді.