Н.Молдахметов атындағы VII Халықаралық дирижерлар форумы

Н.Молдахметов атындағы VII Халықаралық дирижерлар форумы

Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармонияның концерт залында Н. Молдахметов атындағы дирижерлар форумы өтті. Өз таланттарын Қазақстан, Ресей, Грузия және Өзбекстаннан келген дирижерлар көрсетті.

Іс-шара бірнеше жыл қатарынан өткізіліп, әр жолы қостанайлықтар мен қала қонақтарын музыкалық композициялар ерекшеліктерімен қуантып келуде. Биылғы жылы әртістердің орындауында классикалық шығармалар да, заманауи әуендер де шырқалды.

Форум аясында дирижерлар шеруі өтіп, сонда-ақ, концерт барысында еліміздің әр өңірінен, шет елдерден келген дирижерлар кезекпен оркестрлерді басқарады.