"ЖАС ҚАНАТ-2024"

"ЖАС ҚАНАТ-2024"

2024 жылы өтетін  "ЖАС ҚАНАТ-2024" республикалық жас орындаушылар байқауына Қостанай облысынан Ермахан Бағдәулет қатысатын болды.

Ермахан Бағдәулет -  2002 жылы 9 шілдеде Қостанай облысы Қамысты ауданы Арқа ауылында туған. 2014 жылдан  бастап отбасымен Лисаков қаласында тұрады. 2020 жылы ҚазҰУ Шабыт колледжі эстрадалық ән бойынша оқуға қабылданған, 4 курс студенті. Көптеген ән байқауларының жүлдегері.

Бүгін Республикалық байқауға қатысатын жерлесімізді мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Бүркітбайұлы Атамұратов қабылдап, жан-жақты қолдау көрсету мәселелері талқыланды.

Жерлесімізге байқауда сәттілік тілейміз!