2024 жылдың 6 наурызында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде «Зергерлік бұйымдар әлемі» атты жұқа киізден бұйымдар дайындау бойынша шеберлік сабағы өтті. Шеберлік сабағы барысында №19 орта мектептің «7а» сыныбының қыздары осы бірегей материалдан түрлі қажетті және пайдалы дүниелер жасады. Шебер қатысушыларды киізбен жұмыс істеудің негізгі ережелерімен таныстырды. Шеберлік сабақтың өзі әрбір оқушыға ерекше шығармашылық көңіл-күй мен жаңа нәрсе жасаудан жағымды эмоциялар сыйлады!