Қостанай облысы мәдениет саласының ардагерлерімен кездесу

Қостанай облысы мәдениет саласының ардагерлерімен кездесу

Қостанай облысының мәдениет басқармасы 2023 жылғы 28 қыркүйекте  Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясында Халықаралық қарттар күніне арналған Қостанай облысы мәдениет саласының ардагерлерімен кездесуін өткізді. Кездесуге шығармашылық зиялы қауым өкілдері мен мәдениет басқармасының ардагерлері шақырылды. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Р.З. Мұхаметқали мен Мәдениет басқармасының басшысы Қ.Б. Атамұратов аға буынға құрмет көрсетіп, олардың еңбегі үшін алғыстарын білдірді.