Тәжірибе алмасу гастролі

Тәжірибе алмасу гастролі

Ү.ж. 22 қыркүйегінде облыстық қуыршақ театрында Қостанай облыстық қуыршақтар театрының басшысы м.у.а. М. Нұрмұхамбетовтың, Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының директоры С. Алтаевтың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті.

Брифинг тақырыбы 2023 жылдың 22-29 қыркүйек аралығында өтетін Қостанай облыстық қуыршақ театры мен Шымкент қалалық қуыршақ театры мен жасөспірімдер арасындағы тәжірибе алмасу гастролі болды. «Шымкенттен шашу» гастролі аясында Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры қостанайлық көрермендерге келесі спектакльдер ұсынады: «Үлпілдек Винни», «Винни Пух» (Е. Локшина), «Кел, бірге ойнайық!» (М. Супонин), «Маша мен Аю», «Маша и медведь» (М. Садовский), «Колосок» (А. Малюченко), «Полторы горсти» (Н.Осипова).

Жас шымкенттіктер Ю. Семенованың «ЭКОПАТРУЛЬ» тақырыптық спектаклі мен «Көңілді қонжықтар» (М. Поливанова), «Непоседы» (М. Поливанова), «Наша Репка» (Ю. Семенова) қызықты ертегілерді тамашалау арқылы қостанайлық әртістердің шығармашылығымен танысуға мүмкіндік алады.

Екі театрдың шығармашылық ұжымы үшін алмасу гастрольдерінің маңызы зор. Олар жаңа байланыстар орнатуға, тәжірибе алмасуға, шеберлікті жетілдіріп білім алуға және барлық қатысушылардың мәдени дамуына ықпал етеді.