Жаңа театр маусымының ашылуы

Жаңа театр маусымының ашылуы

І. Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының биылғы XXIV маусымы 15 қыркүйек күні М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» шығармасымен (реж. Б. Шамбетов) ашылды.

Биыл шығарма авторы, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы М. Жұмабаевтың 130 жылдығы. Осынау атаулы мерейтойға арналған маусымның беташар қойылымын көрермен қауым да жылы қабылдады.

Алдағы уақытта Қасиетті Тобыл-Торғай өңірін, сүйікті көрерменін қазақ театры тың туындылармен қуантатын болады.