«Ардагер Амангелді – ердің ері!»

«Ардагер Амангелді – ердің ері!»

2023 жылы 8-9 қыркүйекте Амангелді ауданында Амангелді Имановтың 150 жылдығына арналған «Ардагер Амангелді – ердің ері!» атты республикалық ақындар айтысы өтті.

Айтыстың ашылуында облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиев пен Парламент мәжілісінің депутаты Берік Бейсенғалиев құттықтап, ақындарға сәттілік тіледі. Доданы белгілі айтыскер ақын Аманжол Әлтаев жүргізді.

Айтысқа республика аймақтарынан 14 ақын қатысты: Әсем Ережеқызы (Астана қаласы), Батырлан Сағынтаев (Қостанай облысы, Арқалық қаласы), Нұрлан Есенқұлов (Шымкент қаласы), Мұхтар Ниязов (Қызылорда облысы), Мамай Ізтілеу (Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы), Тоба Өтепбаев (Қостанай облысы, Амангелді ауданы), Жұлдыз Қожабекова (Ақтөбе облысы), Төлеген Жаманов (Ұлытау облысы), Қазрет Бердіхан (Алматы облысы), Мейірбек Сұлтанхан (Қызылорда облысы), Салтанат Өтелбаева (Қостанай облысы, Қостанай ауданы), Шұғайып Сезімхан (Алматы облысы), Марғұлан Оспанов (Қостанай облысы), Айбар Рағатов (Қостанай облысы, Арқалық қ.).

Ақындар өнеріне Қазақстанның Халық ақыны Әсия Беркенова; ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Жанарбек Әшімжан; Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Ақылбек Шаяхмет; ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Серікбай Оспанов; ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, айтыстың ақтаңгері, белгілі айтыскер Айбек Қалиев төрелік етті.

Айтысқа ҚР мәдениет қайраткері, ҚР журналистер одағының мүшесі Қойлыбай Асанов сарапшылық жасады.

            Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлдені шымкенттік Нұрлан Есенқұлов жеңіп алды. Ол Қостанайда құрастырылған жеңіл көлікті қанжығасына байлады.   I орынды Батырлан Сағынтаев, (Қостанай облысы, Арқалық қаласы,  2 млн. теңге), II орынды Әсем Ережеқызы (Астана қаласы, 1 млн. теңге) және Мұхтар Ниязов, (Қызылорда облысы, 1 млн. теңге), III орынды Жұлдыз Қожабекова (Ақтөбе облысы, 500 мың теңге) және Шұғайып Сезімхан (Алматы облысы, 500 мың теңге) жеңіп алды. Айтысқа қатысқан барша ақындар 300 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.