«Менің балалық шағымның ойыншықтары» көрме

«Менің балалық шағымның ойыншықтары» көрме

Жазғы демалыс - музейлер мен көрмелерге белсенді бару үшін тамаша уақыт. 2023 жылдың 7 маусымында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Менің балалық шағымның ойыншықтары» атты жаңа көрме ашылды.

Көрмеде балалық шақтағы естеліктер мен балалық шақ бақытын бейнелейтін әсерлі ойыншықтар топтамасы ұсынылды. Ойындар мен ойыншықтар әлемі алуан түрлі. Көрменің бір бөлігі музей қорындағы 1940-1980 жылдардағы сирек кездесетін көне ойыншықтарға арналған.

Көрменің жеке бөлімі қостанайлық қолөнер шеберлерінің интерьер ойыншықтарынан тұрады. Музей коллекциясымен қатар бірнеше ондаған ойыншықтар ұсынылған: тоқылған ойыншықтар, тоқыма қуыршақтар, әртүрлі техникада жасалған папье-маше.

 Көрмеде музейдің қор сақтаушысы Ерболат Сәрсенбаевтың ойыншық көлік үлгілерінің жеке коллекциясы ерекше орын алды. Көлік жинау - барлық жастағы адамдар үшін қызықты хобби. Музей қызметкері көліктердің коллекциялық үлгілерін 2015 жылдан бастап жинай бастаған. Бүгінгі таңда коллекциялық топтамада әртүрлі маркалар мен үлгідегі 128 автокөлік бар, олардың арасында Mercedes, Ferrari, Lamborghini, Bugatti, AstonMartin, Volkswagen, Porsche және т.б. танымал шетелдік автокөлік маркалары бар.

Көрмеге келген әрбір адам одан не бала кезіндегі ойыншықты, не бір кездері бәрінен де көп қалаған нәрсені табары анық.

Көрме Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрме залында 7  маусымнан 7 шілдеге дейін жұмыс істейді.