«Кукляндия» V ашық қуыршақ театрларының фестивалі

«Кукляндия» V ашық қуыршақ театрларының фестивалі

Облыстық қуыршақ театрының ұжымы ағымдағы жылдың 2-4 маусым аралығында Қарағанды қаласында өткен «Кукляндия» V ашық қуыршақ театрларының фестивалінен оралды.

Театр фестивалі маусым айында бесінші жыл қатарынан өткізіліп, Қазақстан, Ресей, жақын және алыс шетел театрларын біріктіріп келеді. Биыл оған М. Жанғазиев атындағы Қырғыз  қуыршақ театры, Е.С. Деммени атындағы Санкт-Петербург қуыршақ театры, Ованес Туманян атындағы Ереван қуыршақ театры, «Divadlo pod scastnou hvezdou (Бақытты жұлдыз астындағы театр)» Чех театры, Шымкент қалалық жасөспірімдер және қуыршақ театры және Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры қатысты.

Театр өнерін қолдауға және дамытуға бағытталған, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік қуыршақ театрларының үздік жетістіктерін көрсетуге арналған «Кукляндия» фестивалі конкурстық болмағандықтан, номинациялар белгіленбеді. Фестивальда «Ты, я и кукольник» балалар спектаклі мен ересектерге арналған «Пиковая дама» спектаклін ұсынған Қостанай қуыршақ театры қарағандылық көрермендердің жүрегін баурап алып, жоғары бағаға ие болды. Ұжымды Астана қаласындағы «Куралай» Халықаралық қуыршақ театрларының фестиваліне жаңа сапар күтіп тұр.