27-30 наурыз аралығында Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында керемет күндер болды. Кітапханада Балалар кітабы апталығы өтті.
Биылғы іс-шараның басты тақырыбы Балалар кітабы апталығының 80 жылдық мерейтойы және кітапхананың алдағы 65 жылдық мерейтойы болды.
«Сәлеметсіз бе, Кітап апталығы!» деген атаумен мерекелік бағдарлама мерейтойлық марафонды ашты. Балаларды А.Линдгреннің кітап кейіпкерлері - Малыш пен Карлсон қарсы алып, қатысушыларға түрлі викториналар мен сайыс ойындарын ойнатты.
Аптаның екінші күні балалар театр әлеміне еніп, «Ерекше оқиға» импровизация театрының қатысушылары болды. Бұл күні балалар дикциямен жұмыс істеді және дауысты қоюға арналған бірнеше арнайы жаттығуларды үйренді. Олар өздерін сценарий жазушылар мен костюмерлер және актерлер рөлінде сынап көрді.
Үшінші күні қатысушыларға «Кітапхана бойынша саяхат» квестінде кітапхана және кітаптар жайында көптеген құпиялар айтылып, шешілді.
Балалар кітабы апталығының соңғы күніңде «Туған күніңмен!» атты музыкалық калейдоскопқа музыка мектебі және Қостанай педагогикалық колледжінің балалары қатысты. Бірақ иллюзионист сиқыршы Антон Вознесенскийдің қойылымы әсіресе балалардың жүрегін жаулап алды.
Апта өте қарқынды, жарқын және эмоционалды болды!