Қош келдің-Әз Наурыз!

Қош келдің-Әз Наурыз!

2023 жылдың 16 наурызында "Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Тілдарын" облыстық тілдерді оқыту орталығы"КММ-де "Наурыз-береке бастауы" атты мерекелік іс-шара өтті.

Аталған іс-шараны "Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Г.Е.Мендекинова ашты. Іс-шара барысында тыңдаушылар викториналық сұрақтарға жауап беріп, "Асық ату", "Сақина салмақ", "Теңге ілу" ұлттық ойындары  ойнатылып, қонақтарға наурыз көже таратылды. Іс-шараға 6697 әскери бөлім тыңдаушылары және өз еркімен ниет білдірген тыңдаушылар қатысты. Мерекелік іс-шара "Қара жорға" биімен аяқталды.