«Сағындырған әндер-ай» Retro karaoke жобасы

«Сағындырған әндер-ай» Retro karaoke жобасы

А.ж. 17 наурызда Жастар Сарайында Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының Н.Молдахметов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында «Сағындырған әндер-ай» атты Retro karaoke жобасы өтті.

Концерт барысында LED-экран арқылы арнайы караоке ұйымдастырылды. Әбілахат Еспаев, Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса  Тілендиев, Ескендір Хасанғалиевтің халық жүрегінде жатталған әйгілі әндерін оркестрдің сүйемелдеуімен, филармония солистерімен қосылып, көрермендер де шырқады.