«Сахналық жекпе-жек» облыстық әншілер байқауының қорытындысы

«Сахналық жекпе-жек»  облыстық әншілер байқауының қорытындысы

Ағымдағы жылдың 16 наурызында Лисаков қаласында Наурыз мейрамын мерекелеуге орай Қостанай облысының орындаушылары арасында«Сахналық жекпе-жек» әншілер байқауы өтіп, өз мәресіне жетті.

Байқауды облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығы ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты – Қостанай облысы композиторларының әндерін таныту, әншілердің орындаушылық шеберлігін арттыру, Қостанай облысының аға буын әншілерінің шығармашылық белсенділігін қолдау.

Байқау үш кезең бойынша өтті.

Алтынсарин, Амангелді, Науырзым, Федоров, Қамысты, Әулиекөл, Денисов және Меңдіқара аудандарынан, сондай-ақ Рудный, Арқалық және Лисаков қалаларынан келген 12 қатысушы орындаушылық шеберлік бойынша бақ сынады.

Байқау қорытындысы және білікті қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі орындар келесідей белгіленді:

1 орын – Сәулет Мырзатаев, Науырзым ауданы;

2 орын – Сапура Әлібекова, Федоров ауданы;

3 орын – Жеңіс Жұмағалиев, Арқалық қаласы;

3 орын – Әсел Тасмағанбетова, Рудный қаласы;

Қалибек Деріпсалдин атындағы арнайы жүлдені Қамысты ауданынан келген  Досбол Қашқымбаев иеленді.

         Барлық қатысушылар қатысқаны үшін дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.