Суретші-қолөнерші Ләйлі Әбимен кездесу

Суретші-қолөнерші Ләйлі Әбимен кездесу

2023 жылдың 15 наурызында Қостанай облысы әкімдігінің  Мәдениет басқармасының Қостанай облыстық тарихи - өлкетану музейінің бейнелеу өнерін экспозициялық-көрмелік қамтамасыз ету бөлімінің залында Қостанай педагогикалық колледжінің оқытушысы, суретші-қолөнерші Ләйлі Әбимен кездесу өтті.

Ләйлі Әбимен кездесуге Қостанай педагогикалық колледжінің студенттері және Қостанай қаласының №115 жалпы білім беретін мектебінің  оқушылары және Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары колледжінің студенттері келді.

Ләйлі Әби - сәндік-қолданбалы өнердің әртүрлі түрлері - гобелен, кілем тоқу, киіз басу және шиден бұйымдар жасайтын жас қостанайлық суретші-қолөнершілердің бірі.

Суретшінің шығармашылығы жоғары кәсібилікпен және үлкен еңбекқорлығымен ерекшеленеді. Ләйлі Әби мамандығы бойынша дизайнер, оқытушы. Ол Қызылорда университетінің түлегі.

Суретшімен кездесу көрермендермен достық қалыпта әңгімелесу түрінде өтті. Кездесу соңында Ләйлі Әби киіз басу бойынша шеберлік сабағын өткізді.